Алматы қаласы білім басқармасының
"№41 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
(8727) 279-74-14
(8727) 279-92-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата -аналарға кеңес
09
сентябрь
2023

Ата -аналарға кеңес


Ата-аналарға кеңес


1. Баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты сұрақтарға психологтан ақыл-кеңес алыңыз.


 2. Баланы балабақшаға тек қана дені сау күйінде жіберіңіз.


 3. Салалық дәрігерден алдын-ала біліп алыңыз: балаңызға бейімделудің қандай түрі жағымды, егерде бейімделу қиындау болса, онда уақытында барлық жағдайды жасаңыз.


 4. Баланың туғаннан бейімделу механизмінің жүйесін жаттықтырыңыз. Баланы тосын жағдайларда қимыл-әрекетін өзгерте білуге үйретіңіз.


 5. Балабақшадағы күн тәртібіндегі жаңа сәтін алдын-ала біліп алып, оларды үйдегі күн тәртібіне кіргізіңіз.


 6. Сізді толғандырып жүрген балабақшаға байланысты мәселелерді баланың көзінше талқыламауға тырысыңыз.


 7. Өз уақытыңызды былай жоспарлаңыз: баланың балабақшаға қатысуының алғашқы айында сіз балаңызды күні бойға қалдырмауға жағдай жасаңыз.


 8. Баланы өзі жақын арада келетін топтың балаларымен және тәрбиешілерімен ертерек таныстырыңыз.


 9. Үйде баланы өзіне-өзі қызмет етуге қажетті барлық дағдыларға үйретіңіз.


 10. Сіздің балаңыз бәрінен бұрын сізге қымбатты және сүйікті екенін ұмытпаңыз!



Ата-аналарға ұсыныс


         Мектепке дейінгі бала даму және танып білу қабілеттерінің мүмкіншіліктеріне зор ие. Балада дүниені танимын және зерттеймін деген негіз салынған, сол мүмкіншіліктерді дамытуда көмек көрсетіңіз. Өткен уақытыңызды аямаңыз, кейін ол көптеп қайтарылады.

          Мектеп табалдырығын аттағанда балаңыз өз күшіне сенімді болады, оқу ол үшін қиын болмай, қуаныш қана әкеледі, сізде оның үлгеріміне алаңдамайтын боласыз.

Сіздің жігеріңіз тиімді болу үшін, мына кеңестерді қолданыңыз:

 1.  Оқу барысында бала зерігіп кетпесін. Егер бала көңілді оқыса, ол жақсы оқитын болады. Қызығушылық – мотивациялардың ең жақсысы, ол балаларды шығармашылықты тұлғалар етіп шығарады және ақыл-ой сабақтарынан қанағат алады.

 2. Жаттығуды қайталаңыз. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту уақыт пен тәжірибеде айқындалады. Егер де небір жаттығу келіспей жатса, үзіліс жасаңыз, кейін қайтып келсеңіз де, не басқа жеңілдеу тәсілге көшсеңіз болады.

 3. Жеткіліксіз жетістіктерге жетпей жатса не алға ештеңе жылжымаса үрейленбеңіз.

 4. Шыдамдылық танытыңыз, асықпаңыз, баланың ақыл-ойын бөліп тастамайтын, басқа жағынан назар аударатын жаттығуларды бермеңіз.

 5. Сабақта балаға деген бір өлшем болу керек. Бала шаршап, айналшақтап, не көңілсіздеу болса жаттығу жасамай-ақ қойыңыз. Баланың шыдамдылығын байқап және сабақты дайындағанда әр кез сайын аздап қана уақыт мерзімін қосып отыру керек. Кей кезде өзіне ұнайтын істерімен айналысуға мүмкіндік беріңіз.

 6. Мектепке дейінгі бала қайталай беретін, бірқалыпты, нақты уақытымен ғана берілетін сабақтарды қабылдамайды. Сондықтан ойын түрінде өткізген жөн                                                                                                                             7. Балада қатынас жасаудың машықтарын дамытыңыз, бірлесіп істеуді, ұйымшыл болуды, басқа балалармен достасып кетуіне, олармен жетістіктерді және қиыншылықтарды бөлісуге үйрету керек, бұның бәрі ертең мектепке барғанда әлеуметтік атмосферада керек болады.

 8. Немқұрайлы баға бермеңіз, ылғи да сүйемелдеп отырыңыз, жиі балаңызды шыдамдылығы мен жетістігі үшін мақтап отырыңыз. Басқа балалармен оның әлсіздігін салыстырмаңыз, оның өзіне деген сенімділігін қалыптастырыңыз. Ал ең негізі, баламен оқыған сабақты ауыр еңбек түрінде қабылдамаңыз, керісінше қуанып, ләззат алыңыз, күліп-ойнап жүрсеңіз жақсы болады. Баламен тіптен дос болу мүмкіншілігі туғанын есіңізге сақтаңыз.


 Сонымен, сіздерге жетістіктер, өзіңіздің, балаңыздың мүмкіншіліктеріне сенімділік тілейміз!

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес.

 2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. 

 Сондықтан кеңес береміз: 

 - Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз. 

 - Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз 

 - Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз. 

 - Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады. 

 - Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз. 

 - Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал. 

 - Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады. 

 - Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады. 

 - Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет. 

 - Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет. 

 Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. 

 Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады. 

Сәт сапар, саған балапан жаңа ортада!